Сағат 5:30-да 101 нөміріне өрттің басталғаны туралы хабарлама келіп түсті
"Шымбұлақ" ұжымы өрттен кейін қолдау білдірген барлық жанға алғыс айтты, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі massaget.kz-ке сілтеме жасап.
"Бей-жай қалмай, қолдау мақсатында ақ тілек білдірген жанның барлығына шын жүректен алғысымызды білдіреміз! Біз үшін бұл өте құнды. Ең бастысы, адамдар зардап шекпеді. Инфрақұрылымды біз міндетті түрде қалпына келтіреміз.
Өкінішке қарай, қазір біз "Комби-2" аспалы жолдың қашан іске қосылатынын айта алмаймыз, өйткені алдымен өрттің аспалы жолдың маңызды техникалық құрамдас бөліктеріне әсер етпегеніне көз жеткізуіміз қажет", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, "Шымбұлақ" тау-шаңғы курортында орналасқан Oblaka мейрамханасында шыққан өрттің хронологиясы жасалды:
Сағат 5:30-да 101 нөміріне өрттің басталғаны туралы хабарлама келіп түсті.
Таулы жердің ерекшеліктеріне байланысты Талғар асуына өрт сөндіру техникасының кіре алмағандықтан ТЖД жеке құрамы "Комби-2" аспалы жолы арқылы көтерілді.
Сонымен қатар, курорттың барлық ықтимал техникалық күші пайдаланылды:
04:50 - құтқару қызметінен қоңырау келіп түсті;
05:14 - қар генераторларына су беру басталды.
Өртті сөндіруге барлығы:
- Суды қарға айналдыратын қар генераторларының екі желісі;
- Екі бірлік ратрак;
- Төрт қарда жүретін көлік қолданылды.
Негізгі күш "Комби-2" аспалы жолына оттың таралуына жол бермеуге бағытталды.
Өрт сағат 08:05-те оқшауланып, сағат 08:30-да толықтай сөндірілді. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
Өрттің себебі анықталып жатыр.
Өрт сөндіруге ТЖД жеке құрамының 13 адамы, 12 курорт қызметкері жұмылдырылды.