Елордалық полицейге қатысты қызметтік тергеу жүргізіледі
Салтанат Нүкенова қаза болған күні Қуандық Бишімбаевты ұстауға қатысқан елордалық полицейге қатысты қызметтік тергеу басталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Сол кезде ұсталып отырған Бишімбаевқа полиция қызметкері қайтыс болған Салтанат Нүкеноваға қатысты «Она, наверное, сама нозила» деген сөз тіркесін айтады. Бұл реплика бейнежетонға түсіп қалып, 8 сәуірде Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша сот отырысы барысында көрсетілді.
«Осы факт бойынша Астана Полиция департаменті қызметтік тергеу тағайындады. Барлық жағдайлар анықталып жатыр. Нәтиже туралы қосымша хабарланады», - делінген ІІМ-нің жауабында.