Алдағы күндері аяз сақталады-Қазгидромет болжамы

Qaz365.kz редакциясы

Қазгидромет 31 қаңтар мен 2 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынды

фото: ашық дереккөзден

Қазгидромет 31 қаңтар мен 2 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі

Синоптиктердің мәліметінше, республиканың солтүстік жартысы жоғары атмосфералық қысым өрісінің ықпалында болып, соған байланысты аязды ауа райы сақталады, бірақ жауын-шашын жаумайды.

"Елдің оңтүстік жартысында ауа райы жауын-шашын өтетін оңтүстік циклонмен анықталады. 2 ақпанда жауын-шашын болып, ауа температурасы 5-12 градусқа дейін жылиды", - делінген хабарламада.