Қазақстандағы резонансты сот процесі ол жақта да айтылып жатқаны жөнінде ол жақында видео жариялады
Оңтүстік Кореяда Ххрустик есімімен танымал қазақстандық контент-мейкер бес жылдан бері сол елде еңбек етеді. Қазақстандағы резонансты сот процесі ол жақта да айтылып жатқаны жөнінде ол жақында видео жариялады, деп хабарлайды Qaz365.kz.
— Бишімбаев елдің абыройын шелектеп төкті ғой. Былай ешқашан ұят болмаған шығар Қазақстанда туғаныма. Бір жерде отырсам, қарама-қарсы бір адамдар отыр екен. Олар менің Қазақстаннан екенімді біліп тұр. Кореяның қыз-жігіттері. Олар өзара сөйлесіп тұрып, ішіндегі қыздары “бұл Қазақстан - Бишімбаев” деп күледі ғой. Жер болып кеткенсің ғой. Кореяда Қазақстан десе, автоматты түрде Бишімбаевты айтатын болған. Бәрі, басқа елдің адамдарының бәрі - соны айтып отыр ғой. Абырой төгетін сериал боп кетті ғой. Қасықтап жинаған абыройды Бишімбаев шелектеп төкті ме?! – дейді ол.
Ххрустик өз атын видеоларында атамайды. Кореядағы тыныс-тіршілік жайында видеолары көп.