Алпысбай Қайыржанов бөтелке бос деп мәлімдеді
Журналист Асхат Ниязов Степногорск қаласы туралы влог түсіру кезінде әкімдікке кіріп, әкімнің тоңазытқышын ақтарды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Камераға тоңазытқыштың ішіндегі сөрелерден ішімдіктің бөтелкелері түсті. Алайда бөтелкенің бір бөлігі ғана кадрға түскендіктен ішімдіктің маркасын және атауын ажырата алмады.
Соған қарамастан, Степногорск қаласының әкімі Алпысбай Қайыржановтың өзі бөтелкенің іші бос деді. Дегенмен, тоңазытқышты қайтадан ашпайтынын айтты.
Қайыржанов Алпысбай Қуандықұлының Ақмола облысында дүниеге келген. Алматыдағы М. Тынышпаева атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясын бітірген.
2009-2010 жылдары Шортанды ауданы Шортанды кенті әкімінің орынбасары және әкімі болды;
Шортанды ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары ТКШ бөлімінің басшысы (2010-2014);
Шортанды ауданы әкімінің орынбасары (2014-04. 2019);
Ақмола облысы Ақкөл ауданының әкімі (04.2019-10.2021);
Степногорск қаласының әкімі (10.2021 бастап)