Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев 2 айға қамалды

Qaz365.kz редакциясы

Тұрғымбаев 2 айға қамалды

Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев 2 айға қамалды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

29 сәуірде ауыр зардаптарға әкеп соққан билік пен лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдаланғаны үшін (ҚК-нің 362-бабы 4-бөлігі) Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабы тәртібінде ішкі істер экс-министрі Ерлан Тұрғымбаев ұсталды. Қылмыстық істе мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтердің болуына байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басқа деректері жария етуге жатпайды.

Айта кетейік, Ерлан Тұрғымбаев ІІМ-ін 2019 жылдың ақпанынан бастап басқарып, 2022 жылы Қаңтар оқиғасынан кейін көп ұзамай қызметінен босатылған еді.