Соттағы сөзін Әлмира Нұрлыбекова кешірім сұраумен бастады
Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың анасы Әльмира Нұрлыбекова жарыссөзде марқұмның туған-туыстарынан басын иіп кешірім сұрайтынын айтты. Ұлы өз әрекетіне сәйкес жазаны қабылдайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Соттағы сөзін Әлмира Нұрлыбекова кешірім сұраумен бастады. Жәбірленушілердің адвокаттары Бишімбаевты жазалауды талап етіп, оны 30 жыл бойы қиналған халықтың өкілі деп көрсеткен еді. Анасы мұнымен келіспейді.
«Алқа билер мен сот қабылдайтын шешімге ұлым көнеді. Қуандық жазаға лайықты. Бірақ өз әрекетіне ғана сай жазаға лайықты», - дейді Әлмира Нұрлыбекова.
Сотталушының анасы Салтанат Нүкенованың маскүнем болған деп меңзейді. Трагедияға ішімдік ішкендері себеп болды дегенге келтіреді.
«Ал Салтанаттың мас болу мәселесіне жеткілікті көңіл бөлінбеді. Егер сол күні көп алкоголь ішпесе, ештеңе болмайтынына сенімдімін. Біз оның тұрақсыз әрі қисая жүргенін көрдік. Біз мұны бақылау камераларындағы жазбалардан көреміз. Мен өзім химикпін. Сараптамаға сәйкес зәрдегі 1,8 промилле алкоголь маңызды емес көрсеткіш ретінде көрсетілгенімен келіспеймін. Бұл сарапшылар елемеген өте маңызды көрсеткіш. Алкогольдің бұл деңгейі өлімнің сағат 19.00-де болғанын дәлелдейді. Демек, ешқандай өлтіру пиғылы болған жоқ, – деді Әлмира Нұрлыбекова.
Сотталушының анасы ұлына «шулаған тобыр емес, судья мен алқа билер шешім шығаратынын» айтты.