Өзін-өзі өлтіре алмаған кезде Бишімбаев әрекеттері үшін жауап беруі керек екенін түсінгенін айтады
Өзінің айтуынша, сотталушы алғашқысында Салтанаттың өлімін естіген кезде мейрамханада, екінші жағдайда ешкім көрмеген уақытта камерада өзін өлтірмек болғанын мәлім етті, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Жарыссөзде Бишімбаев прокурор Асхат Нұрбеков оны камерада 24/7 бақылап отырғанын және сотталушының өзін-өзі өлтірмек болғанын көрмегенін еске салды.
– Мен қазір біреу маған аяушылық танытсын келмейді. Бірақ мен оны шынымен жасадым (өз-өзіне қол жұмсау әрекеті). Прокурорға да, камерада біреуге де көрінбей істегім келді. Егер біреудің көзінше істесең, ол – театр ғана. Қайтпастай, жылдам әрі байқалмайтын жолды табу керек болды. Мен оны таптым деп ойладым, бірақ ол болмай қалды, — деді Бишімбаев.
Өзін-өзі өлтіре алмаған кезде Бишімбаев әрекеттері үшін жауап беруі керек екенін түсінгенін айтады.
Сот процесіне үзіліс жарияланды. Ертең жалғасады.