Астанада Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановтың сот отырысы басталды. Судья алқабилерге қойылатын сұрақтарын оқыды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Күдікті Бишімбаевқа ҚР ҚК 110-бабының 2-бөлігі (Азаптау) бойынша:
- 2022 жылдың 16 желтоқсанынан 2023 жылдың 9 қарашасына дейін Салтанат Нүкенованың жүйелі түрде таяқ жеп келгені, басынан соққы алғаны, сонымен бірге ар-намысы тапталып, психологиялық қорлық көргені дәлеледенді ме?
- Осы іс-әркетті Қуандық Бишімбаевтың жасағаны дәлелденді ме?
- Сотталушы Бишімбаев осы әрекетті жасағаны үшін кінәлі ме?
- Салтанат Нүкенованың сотталушы Қуандық Бишімбаевпен бірге тұрғаннан бастап өз еңбегімен табыс табуды тоқтатқаны, оған материалды түрде тәуелді болғаны дәлелденді ме?
ҚР ҚК 99-баптың 2-бөлігі (Аса қатыгездікпен жасалған кісі өлтіру) бойынша:
- 2023 жылдың 9 қарашасында Астана қаласындағы BAU мейрамханасында, шамамен түстен кейін Нүкуенова бас ішіндегі жарақаттан қаза тапқаны, яғни орталық жүйке жүйесінің бұзылуына әкелген, одан кейін жүрек қағысын және тыныс алуын тоқтатқан жарақаттан қайтыс болғаны дәлелденді ме ?
- Жәбірленуші Нүкенованы әдейі басынан бірнеше рет ұрып, оны қасақана өлтіргені дәлелденді ме?
- Осы іс-әрекетті Қуандық Бишімбаевтың істегені дәлденді ме?
- Сотталушы Бишімбаевтың жәбірленуші Нүкенованы саналы түрде қатігездікпен физикалық және моральдық азаптағаны, оның денесіне жарақаттар салғаны, оған су мен ұйқы бермей қинағаны дәлелденді ме?
Күдікті Бақытжан Байжановқа ҚК-нің 432-бабы, аса ауыр қылмысты күні бұрын уәделеспей жасырып қалу бойынша:
- 2023 жылдың 9 қарашасында Астана қаласындағы BAU мейрамханасында жасалған қылмыстың ізін жасыруға тырысқаны, яғни мемлекеттік қызметшіні мейрамханаға кіргізбеу, VIP бөлменің есігін көлегейлеу, мейрамхананы жауып тастау, қызметкерлерді қайтарып жіберу, видеожазбалар мен бақылау камераларын өшіру, Нүкенованың телефонын басқа мекен-жайларға апару, бірнеше рет әйелдер киімін мейрамханаға әкелу әрекеттері дәлелденді ме?
- Осы әрекеттерді сотталушы Байжановтың істегені рас па?
- Осы әрекетті жасағаны үшін Байжанов кінәлі ме?
Судья мен 10 алқаби кеңесу бөлмесіне кетті. Үкім шығаратын уақыт әзірге белгісіз.