Прокурор Айжан Аймағанова тілшілерге сұқбат берді
Бүгін Астанада қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Бишімбаев пен Байжановқа қатысты қылмыстық іс бойынша үкім жарияланды. Сот отырысынан кейін прокурор Айжан Аймағанова тілшілерге Бишімбаевтың шартты түрде бостандыққа шығу мүмкіндігі туралы айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.
«Қылмыстық кодекстің 99-баптың 2-бөлігі бойынша яғни «аса қатігездікпен адам өлтіру» бабы негізінде максимальды жаза 20 жыл сұрадық. Ал 110-баптың 2-бөлігі бойынша максимальды 7 жыл сұрадық. Жалпы алғанда 24 жыл берді», - дейді Айжан Аймағанова.
Сонымен қатар ол сотталған Қуандық Бишімбаевтың мерзімінен бұрын шартты түрде бостандыққа шығу мүмкіндігін айтты.
«Бишімбаев шартты түрде бостандыққа жазасының 3/2 бөлігін өтесе шыға алады. Бірақ ол үшін марқұм Салтанат Нүкенованың туыстарының келісімі керек», - дейді прокурор.