Ол қолдау көрсеткен барша жұртшылыққа алғысын білдірді
Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың қолынан қаза тапқан марқұм Салтанат Нүкенованың әкесі Амангелді Нүкенов бүгінгі сот шешіміне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Qaz365.kz.
«Жоғары соттың Қуандық Бишімбаев 24 жыл бас бостандығынан айыру жазасын бергеніне келісеміз. Бірақ Бақытжан Байжановқа берген 4 жылды біз қабылдамаймыз. Негізі оған да 10 жыл берілу керек еді», - дейді Амангелді Нүкенов.
Ол қолдау көрсеткен барша жұртшылыққа алғысын білдіріп, Қуандық Бишімбаевқа жазаның қатаңдатылуын қалайтындарға да жауап берді.
«Қолдаған барша халыққа рахмет айтамын. Бізді тек Қазақстан ғана емес, әлем елдері қолдады. Өте аз мерзім берілді дегендерге айтарым, мешітке барып, дұға тілеңіз. Құдай оған өз жазасын береді. Біз соттың шешіміне ризамыз, менің ойымша, судья әділ шешім қабылдады», - деді марқұмның әкесі.
Айта кетейік, бүгін Астана қаласындағы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында әйелін аса қатігездікпен өлтірді деп айыпталған экс-министр Қуандық Бишімбаев 24 жылға сотталды.
Оған «қинау» (110-баптың 2-бөлігі) және «аса қатігездікпен адам өлтіру» (99-баптың 2-бөлігі) баптарымен айып тағылған.
Ал аса ауыр қылмысты жасырды деп айыпталған Бақытжан Байжанов 4 жылға бас бостандығынан айырылды.