Балалардың бақыттан басы айналып жатыр
Қаржы пирамидасын құрып, оны жарнамалағаны үшін жауапқа тартылған белгілі блогерлер Мейіржан Төребаев үйіне келді, деп хабарлайды Qaz365.kz.
«Мейіржанның заңда белгіленген қысқа мерзімді демалысы бар (113-бап, мекемеден тыс жүру). Балалардың бақыттан басы айналып жатыр. Кішілері соңғы кездесуден кейін бірақ тілдері шығып, әкелеріне көптеген сұрақтар қойып жатыр. Үлкендері саналы, әкелерінің жанында сабырлы болып отыр. Жақын арада оның Павлодарға қайта кететінін түсініп, барынша құшақтап жатыр. Онда Мейіржан күндіз «Еңбек» республикалық мемлекеттік кәсіпорнында жұмыс істеп, кешке мекемеге қайтады. Ең бастысы, ананың жүрегі тынышталды. Ұзақ болмаса да, жалғыз ұлы қасында», – деп жазды әйелі Дана Есеева.
Айта кетейік, Мейіржан Төребаев Қылмыстық кодекстің 217-бап бойынша кінәлі деп танылып, сот үкіміне сәйкес, ең төменгі қауіпсіздік колониясында бес жыл бас бостандығынан айыру жазасына кесілген.
Қаржы пирамидасын құрып, оны жарнамалағаны үшін жауапқа тартылған белгілі блогерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов жазаларын Павлодар облысындағы түзету мекемесінде өтеп жатыр.