Жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасына өтініш беру платформасы 6 ақпаннан бастап жұмысын бастайды, деп хабарлайды qaz365.kz.
Ол үшін autonesie.kz сайты ашылды.
Ескеретін жайт:
- Өтініштер тек ЭЦҚ көмегімен компьютер арқылы ғана қабылданады;
- Жалпы 761 өтініш қабылданады, содан кейін платформа автоматты түрде жабылады;
- Өтініштерді тек Қазақстан аумағынан ғана беруге болады;
- Тіркелгеннен кейін автомобиль өндірушісін өзгерту мүмкін болмайды;
- Сайтта тіркелмей несие алу мүмкін болмайды.