Алматыдағы жаңа терминал Лондоннан келген алғашқы рейсті қабылдады

Qaz365.kz редакциясы

Енді қаланың әуе айлағы жылына 14 миллион жолаушыны қабылдай алады

Фото: Qaz365.kz/ B. Karipov

2024 жылдың 1 маусымында Алматы халықаралық әуежайы жаңа Халықаралық жолаушылар терминалында алғашқы жолаушыларын қарсы алды, деп хабарлайды Qaz365.kz Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жаңа халықаралық терминалға келген алғашқы рейс Air Astana әуекомпаниясының KC664 Лондон-Алматы бағыты бойынша сағат  08.40-та 94 жолаушымен қонды.
Ал 9.30-да жаңа терминалдан алғашқы болып Алматы – Доха бағыты бойынша Air Astana әуекомпаниясының KC653 рейсі 166 жолаушымен ұшып кетті. 
Жолаушыларды Алматы халықаралық әуежайының басшылығы, Алматы қаласының әкімдігі және Air Astana әуе компаниясының басшылығы қарсы алды.

«Біздің саяхатымыз 2 жыл бұрын ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың жаңа Халықаралық жолаушылар терминалының құрылысының басталуына орай капсула салуынан басталды. Ал бүгін, 2024 жылдың 1 маусымында, біз уәде еткендей, жаңа терминалда алғашқы рейстерді қарсы алудамыз. Бүгін кесте бойынша жаңа терминалда ұшып келуге бес және ұшып кетуге төрт рейс жоспарланған. Халықаралық тәжірибеге сәйкес біз барлық халықаралық рейстерді қазіргі терминалдан жаңа терминалға кезең-кезеңімен көшіреміз. Халықаралық рейстерді толығымен ауыстыру маусым айының бірінші онкүндігінде жүзеге асырылады», - деп мәлімдеді Алматы халықаралық әуежайының президенті Альп Ер Тунга Ерсой. 

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Әбдіқадыров Әлішер де құттықтау тілегін білдірді.

«Мен Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтарын құрылыстың аяқталуымен және халықаралық әуежайдың жаңа терминалының ресми ашылуымен құттықтаймын. Енді қаланың әуе айлағы жылына 14 миллион жолаушыны қабылдай алады, бұрынғыдан екі есе көп. Биылғы жылы біз жолаушылар ағынының 11 млн. адамға дейін ұлғаюын күтудеміз. Алматының 41 тікелей әуе қатынасы мен әлемнің 82 елімен визасыз режимі бар екенін ескере отырып, халықаралық жолаушылар терминалының ашылуы, әуежай тарихындағы жаңа кезеңді белгілейтініне сенімдімін», – деп атап өтті ол өз сөзінде.

Осы атаулы күні Алматы халықаралық әуежайы алғашқы жолаушыларын тәттілермен және естелік сыйлықтармен қарсы алды.

Алматы әуежайының жаңа халықаралық терминалына келген алғашқы рейстердің жолаушылары әсерлерімен бөлісті.

“Алматыда тұрамыз бүгін Дохаға ұшамыз. Балаларымызды оқу жылының аяқталуымен және жазғы демалыстың басталуымен құттықтауды шештік. Біз жаңа терминалдың алғашқы жолаушылары болдық. Жаңа, салқын, әдемі, таза. Бұл өте жайлы. Орын көп, ыңғайлы. Көп рахмет! Біздің қаламыздағы мұндай жайлы жерлер тұрғындар үшін көбірек болады деп үміттенемін”, - деді Алматы-Доха рейсінің жолаушысы Евгения Куфельдт. 

Алматылық Нұрлан Мырзагүл отбасымен бірге Дохаға бара жатыр, ол алғаш рет Катарда ұшатынын айтады.

"Екінші терминал әуежайының ашылуымен сәйкес келді. Өте бақытты. Әуежай өте әдемі, бәріне ұнайды. Барлығы сыпайы, жақсы. Ешқандай кезек жоқ. Дизайн керемет, салқын, шетелдік, еуропалық үлгіде. Бәрі ыңғайлы", - деді ол. 

Лондон-Алматы рейсінің жолаушысы Карлос Сантос Алматыға демалыс күндері туыстарымен бірге ұшып келді. Бұл оның біздің қалаға алғашқы сапары, ал алғашқы әсер ұмытылмастай болды.

“Өте әдемі, барлық керемет, жақсы қарсы алды. Естелікке сыйлықтар берді. Бұл өте керемет. Мен мұндай қонақжайлылықты күтпедім. Мен әуежайда мұндайды әлі кездестірген емеспін", - деді турист.

Жаңа халықаралық терминалды іске қосудың бастапқы мерзімі 2024 жылдың жазының соңына жоспарланған. Бірақ жолаушылар ағынының қарқынды өсуіне байланысты және жолаушыларға барынша жайлылық пен қолайлылықты қамтамасыз ету мақсатында барлық жұмыс жеделдетіліп, терминал алғашқы рейстерді 1 маусымнан қабылдай бастады.
Барлық халықаралық рейстер толығымен жаңа терминалға ауыстырылғаннан кейін қолданыстағы терминал халықаралық стандарттарға толық сәйкес келетіндей етіп жаңартылып, ішкі рейстер үшін пайдаланылады.