Құрбан айттың уақыты өзгерді, демалыс болмайды

Qaz365.kz редакциясы

Қазақстандықтар дүйсенбі – Құрбан айт күні демалмайтын болды

Фото: elements.envato.com

Биыл 16 маусым Құрбан айт мерекесінің бірінші күні деп белгіленді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Негізі әу баста Құрбан айттың бірінші күні 17 маусымда, сондықтан демалыс беріледі деген. Бірақ ҚМДБ 16 маусым деп бекітті.

«Ислам дінінде қасиетті күндер, түндер және айлар қамари жыл санауы негізінде анықталады. Мұндай жыл санақ ай фазасының өзгеруіне қарай есептеледі. Жаңа айдың (һиләлдың) көрінуімен жаңа ай басталады. Қамари ай кейде 29 не 30 күн болады. Зул-хижжа айын анықтау үшін зул-қағда айының 29-нда айды бақылайды. Күн батқан кезде жаңа ай көрінсе, келесі күні зул-хижжа айы басталған болып саналады. Егер ауа бұлтты болып, ай көрінбесе, зул-қағда айын 30 күнге толықтырады. Осыған орай, 2024 жылы 6 маусымда жаңа айдың көрінуіне байланысты биыл зұлхижжа айы 7 маусымда басталып, арапа 15 маусымға, ал құрбан айт 16 маусымға сай келеді», -делінген ҚМДБ мәлімдесінде.