Желіде қызу талқыланып жатыр
Түркістан облысы Сарыағаш ауданы Дарбаза ауылында мектеп бітірген түлектердің видеосы әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Тик-Ток желісінде тараған видеода тоқсаныншы жылдардағы мектеп формасын киген сыныптастар ләңгі ойнайды. Асық атып, сальто айналады. Қыздар мак аталған ойынды ойнап, мәз-мейрам болады. Соңында бәрі қосылып билейді.
Желіде осы видео көп талқыланып, оң пікір қалдырып жатқандар көп.
«Біз де солай өткіземіз», – деп те идея алғандар бар.
Осынау керемет кешті сыныптың старостасы ұйымдастырыпты. Оның зайыбы да – өз сыныптасы.
«47 жастағы апай қалай сальто жасады», – деп тамсанады кейбір адамдар.
«Балалық шаққа саяхат деген осындай болады» дейді тағы бірі.
«40 жылдықта да осылай бастарың қосылсын» деп тілек білдіреді оларға желі қолданушылары.