Тоқаев мерзімді әскерге шақыру туралы қаулыға қол қойды

Qaz365.kz редакциясы

Қаулы 3 ақпаннан бастап күшіне енді

фото: ашық дереккөзден

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев борышын өтеген әскерилерді запасқа шығару және азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру туралы қаулыға қол қойды, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі.

Қаулыға сәйкес мерзімді әскери қызметке шақыру 2023 жылдың наурыз-маусымында және қыркүйек-желтоқсанында өтеді. 

"Әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе одан босатылуға құқығы жоқ он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар 2023 жылдың наурыз–маусымында және қыркүйек – желтоқсанында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігіне, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметіне мерзімді әскери қызметке шақырылсын", – делінген қаулы мәтінінде.

Қаулы 3 ақпаннан бастап күшіне енді.