«Азаптауды алып тастау керек»: Астанада Бишімбаев пен Байжановтың аппеляциялық соты өтіп жатыр

Qaz365.kz редакциясы

Аппеляциялық сот басталды

Фото: Jogargy_sot

Бүгін Астанада Қуандық Бишімбаев пен оның туысы Бақытжан Байжановқа қатысты аппеляциялық сот басталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бишімбаевтың адвокаты Ерлан Ғазымжанов «сот үкімді заңсыз шығарды» деп атап өтті.

Ол Бишімбаевқа тағылған «Аса қатігелдікпен адам өлтіру» ҚК 99-бабын «Абайсызда өлімге әкеп соқтырған денсаулыққа ауыр зиян келтіру» ҚК 106-бабына ауыстырып, жазаны жеңілдетуді сұрады. Ал азаптау бойынша айыпты мүлде алып тастап, оны жаңа құраммен жаңадан қарау керек деп есептейтінін айтты.

Ал Бақытжан Байжанов Салтанат Нүкенованың өліміне еш қатысы жоғын дәлелдеуге тырысып жатыр.

Еске салайық, 13 мамырда Астанада судья Айжан Құлбаева жұбайы Салтанат Нүкенованы аса қатыгездікпен өлтірді деп айыпталған Қуандық Бишімбаевқа үкім шығарды. Ол 24 жылға сотталды. Ал аса ауыр қылмысты жасырды деп айыпталған Бақытжан Байжанов 4 жылға бас бостандығынан айырылды.