Алматыға көктем қашан келеді - Қазгидромет болжамы

Qaz365.kz редакциясы

Алматыда жылу толқындарының жиілігі артады

фото: ашық дереккөзден

"Қазгидромет" биыл Алматыда ауа райы жылынып, көктемнің ерте келетінін болжады деп хабарлайды, qaz365.kz.

Синоптиктердің мәліметінше наурызда ауа температурасы жоғары болады деп күтілуде.

"Наурыз айының бірінші онкүндігінде ауа температурасы түнде +2-7°С-қа дейін, күндіз +10-15°С-қа дейін нөлден жоғары жылынады деп күтілуде. Ауа райы әдеттегі климаттық нормадан 1°C-қа жоғары болады. "Қазгидромет" мамандары 1976 жылдан бастап Алматыда ауаның орташа жылдық температурасы 10 жылда 0,5°С-қа, ал ақпан мен наурыздағы орташа температура онжылдықта 1,3°С-қа көтерілгенін атап өтті. Ауа температурасы -20°С-тан төмен кездер болса да қатты аяздар азайып келеді. Бірақ +30-35°С-та ыстық күндер саны артуда.

"Мұндай жағдайда қар еруінің жоғары қарқыны күтіледі. Сонымен қатар, Алматыда жылу толқындарының жиілігі артады", - делінген метеорталықтың хабарламасында.