Отыз жылдан астам уақыт бойы құрылыс саласында еңбек еткен
Өскемен қаласының құрметті азаматы, Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен қызы Дариға Назарбаеваның құдасы Тоқан Шайжүнісов 80 жасына қараған шағында өмірден өтті, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Ол 1944 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Көкпекті ауылында халық мұғалімі, Социалистік Еңбек Ері Жақия Шайжүнісовтың отбасында дүниеге келген.
Отыз жылдан астам уақыт бойы құрылыс саласында еңбек еткен. Тоқан Шайжүнісовтің басшылығымен республикада жүздеген ғимараттар мен құрылыстар бой көтерді. Ол өз бригадаларымен бірге Армения мен Зайсандағы жер сілкінісінен кейін қалалар мен ауылдарды қалпына келтіруге қатысты.
2000 жылы «Қазгипроцветмет» Қазақстандық жетекші түсті металлургия кәсіпорындарын жобалау институтының президенті болып сайланды. Шайжүнісов басқарған кәсіпорын алғашқылардың бірі болып ISO 9001 халықаралық сапа менеджменті жүйесінің сертификаттарын алды.
Тоқан Жақиянұлы «Жыл адамы», «Жыл қайырымдылығы» атағын бірнеше мәрте иеленген. Облыстық зияткерлік спорт федерациясының негізін қалаушы және президенті, басқа спорт федерациялары кеңестерінің мүшесі.
Айта кетейік, ол Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы Дариға Назарбаеваның құдасы. Шайжүнісовтің Сергей есімді ұлынан туған Дален атты немересі Венера Әлиеваға үйленген болатын.