Министр қызметінен кеткен Асхат Аймағамбетов немен айналысатынын айтты

Qaz365.kz редакциясы

Бұл туралы Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында айтты

Фото: orda.kz

ҚР Оқу-ағарту экс-министрі Асхат Аймағамбетов  қызметінен кеткеннен кейін қай салаға баратынын айтты, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі. Бұл туралы ол Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында айтты.

“Астана қаласындағы өте ірі, сапалы университеттердің бірі ұсыныс жасады. Өзім оқытушы болғаннан кейін, педагогика маған жақын. Сондықтан, ары қарай оқытушы боламын деп шешім қабылдадым. Қазір тиісті құжаттармен айналысып жатырмын. Одан бөлек басқа да ұсыныстар бар. Бірақ, ағартушылық жұмыспен айналысуды бірге алып жүремін”, – деді ол. 

Асхат Аймағамбетов 2022 жылдың 11 маусымынан бері Оқу-ағарту министрі қызметін атқарды.

Экс-министр 1982 жылы 14 маусымда Қарағанды ​​облысында дүниеге келген. 2003 жылы Е. Букетов атаныдағы ҚарМУ-ді «Тарихшы, тарих мұғалімі» мамандығы бойынша бітірген.

4 қаңтар күні Президент Жарлығымен Асхат Аймағамбетов Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі лауазымынан босатылды. 

Бұған дейін экс-министрдің қызметтен қалай кеткені туралы жазған едік.