Түркиядағы 7,4 балдық жер сілкінісі: қаза тапқандар саны 284-ке жетті

Qaz365.kz редакциясы

Октай 78 жер сілкінісінің болғанын, оның 3-і 7-ден жоғары болғаны туралы ақпаратты бөлісті

Getty Images

Вице-президент Фуат Октай жер сілкінісі туралы мәлімдемесінде жалпы қаза тапқандардың 284-ке жеткенін, 2323 адамның жараланғанын, 1710 ғимараттың қирағанын айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі BBC-ге сілтеме жасап.

Октай провинциялар бойынша қаза болғандар мен жараланғандар саны туралы келесі мәліметтерді бөлісті:

Кахраманмараш: 70 адам қаза тапты, 200 адам жараланды

Хатай: 4 адам қаза тапты, 7 адам жараланды

Османие: 20 адам қаза тапты, 200 адам жараланды

Адьяман: 13 адам қаза тапты, 22 адам жараланды

Диярбакыр: 14 адам қаза тапты, 226 адам жараланды

Урфа: 18 адам қаза тапты, 100 адам жараланды

Газиантеп: 80 адам қаза тапты, 600 адам жараланды

Килис: 8 адам қаза тапты, 200 адам жараланды

Адана: 10 адам қаза тапты, 118 адам жараланды

Малатия: 47 адам қаза тапты, 550 адам жараланды

Октай 78 жер сілкінісінің болғанын, оның 3-і 7-ден жоғары болғаны туралы ақпаратты бөлісті.