Бірқатар көркем прозалық кітаптардың, ғылыми мақалалардың авторы
Түркітанушы-ғалым, тарих ғылымдарының докторы Қаржаубай Сартқожаұлы 78 жасқа қараған шағында дүниеден өтті, деп хабарлайды Qaz365.kz.
«Қазақтың аймаңдай азаматы, жанкешті ғалым, ұлтының жоғын жоқтап, жыртығына жамау болған үлкен түрколог - ғалым Қаржаубай ағамыз бақиға аттанды. Алла алдынан жарылқасын! Туған-туыс, ағайын-жұртқа және жеңгеміз Жәлейге көңіл айтамын! Қобда бетінің қазақтары, арысың аттанды, Алла панасына алғай!» – деп жазды журналист Бекен Қайратұлы.
Айта кетейік, Қаржаубай Сартқожаұлы 1947 жылы 21 наурызда Моңғолияның Баянөлгей өлкесінде дүниеге келген. Тарих ғылымының кандидаты, профессор. «Қош бол, апа!», «Қыранның қазасы», «Сәйгүліктер» атты көркем прозалық кітаптардың, 100-ге жуық ғылыми мақалалардың авторы. «Бір автобустағылар» (1986) атты кітабы моңғол тілінде жарық көрген. «Этнокультурный связь древнотюркского-уйгурского каганата» (Алматы, 1988), «Объединенный каганат тюрков», (Астана, 2001) ғылыми кітаптары шықты. 80-ге жуық ғылыми мақалалары Москва, Улан-Батор, Пекин, Стамбул, Лондон, Париж, Алматы, Астана қалаларында ғылыми басылымдарда жарияланды