15 мың 834 адам жарақат алған
Түркиядағы жер сілкінісінен осы уақытқа дейін 2921 адам қаза тауып, 15 мың 834 адам жарақат алды. Бұл туралы AFAD президенті Юнус Сезер мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі BBC-ге сілтеме жасап.
“16 мың 400 қызметкерімізбен және шетелдік мамандармен қарқынды жұмыс жүргізілуде. Біз шатырдың да, баспананың да қажеттіліктерін қамтамасыз етіп, апат аймағына жібереміз. Біз іздестіру-құтқару қызметкерлерін ауа-райы қолайлы болған кезде сол жерге бағыттауды жоспарлап отырмыз. Барлық деректер сағат 6-да жаңартылады”, – деді ол.
Сондай-ақ ол 65 ел көмек ұсынғанын айтып өтті