Қазақстандық құтқарушылар жасағы Түркияға аттанды

Qaz365.kz редакциясы

Борт алдын ала мәлімет бойынша Газиантеп қаласына барады

ҚР ТЖМ

 

Қазақстандық құтқарушылар жасағы Түркияға аттанды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан ТЖМ құтқарушылары Алматыдан жер сілкінісі салдарын жоюға көмек көрсету үшін Түркияға аттанды. Тиісті тапсырманы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев берді.

Борт алдын ала мәлімет бойынша Газиантеп қаласына барады.

Жасақ құрамында Қазақстан ТЖМ құтқарушылары, кинологиялық есептер және Апаттар медицинасы орталығының медицина қызметкерлері бар.