«Көп қан кетті». Шымкентте 53 жастағы ер адам үш айлық баласын лақтырып жіберген

Qaz365.kz редакциясы

Үш айлық баланы теуіп, лақтырып, әйеліне пышақ жүгірткен оңбаған әлі қамауда емес

Видеодан кадр

Шымкенттік адвокат, желі белсендісі Айгүл Орынбек үш айлық баласын теуіп, лақтырып жіберген қатігез әке туралы жантүршігерлік жағдайды айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Неге жалғыз менің жүрегім ауру керек? Ел қандай істерде жүретінімді көрсін. Түнгі сағат 4:00-те «Роща ауруханасы ана мен баланы қабылдамай жатыр», деп хабарласты. Құдайдан қорықпайтындар, «Айгүл Орынбек келеді» деген соң ғана көмек бере бастаған.  Бірақ өте кеш бала басына қан кетіп реанимацияға түскен. Үш айлық баланы теуіп, лақтырып, әйеліне  пышақ жүгірткен оңбаған әлі қамауда емес. Әшейінде басқаларды бірден қамауға алатын прокуратура бұл жолы нені күтіп отырғанын білмеймін?» - дейді адвокат.

Ол кішкентай қыздың іздеуі жоқ, өзі кінәлі деп әлде 53 жастағы еркекті ақтап алғысы келіп жатыр ма екен деп базынасын айтты.

«Тұрмыстық зорлық-зомбылықпен Шымкент прокуратурасы қалай күресіп жатқанын көріңіздер! Ауруханаға барса “адам көп, үйлеріңе қайтыңдар» деген дәрігерді жазалау керек. Шымкентте  бала құқығын қорғайтын омбудсмен бар ма өзі?» - дейді Айгүл Орынбек.