Қырғыздар алғаш рет бокстан Олимпиададан жүлде алады

Qaz365.kz редакциясы

Ол бұған дейін кубалық Сайдел Нортадан басым түскен

IBA

Қырғызстан жазғы Олимпиада ойындарында дзюдо мен күрес түрлерінен жүлде алған еді. Оған осы жолы бокс қосылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Парижде 57 келіде сынға түсіп жатқан Мұнарбек Сейітбекұлы ширек финалда АҚШ боксшысын жеңіп, жартылай финалға өтті. Енді кемі қоржында қола медаль бар.

Ол бұған дейін кубалық Сайдел Нортадан басым түскен.

Мұнарбек Сейітбекұлы Парижде Қырзығстан спортшылары арасынан жүлде алған алғашқы спортшы болып отыр.