Елдос Сметовті күтіп алуға жанталасқан әкімдік үйінің алдына жаңа асфальт төседі

Qaz365.kz редакциясы

Жақында Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Елдос Сметовтің шаңырағына барған еді

Скриншот / Сали Сабиров

Дзюдодан Париж Олимпиадасында атой салған Елдос Сметовтің Тараздағы үйі орналасқан көшенің асфальті жаңарды. Бұл туралы әлеуметтік желіге жергілікті журналист Исламбек Дастан жазды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Қазір Елдос Сметовтің есігінің алдындамын. Толық асфальт төселді», - дейді журналист.

Жақында Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Елдос Сметовтің шаңырағына барып, ата-анасын құттықтап, құрмет көрсеткен еді. 

Елдос Сметовтің ата-анасы Бақтыбай және Тоқтагүл Сметовтерге «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» белгісін, жарына Құрмет грамотасын табыстады.

Желідегі қазақстандықтапдың ашуын тудырған видеоны мына сілтемеден көре аласыз.