Сирияда жер сілкінісі салдарынан 800-ден астам адам қаза тапты

Qaz365.kz редакциясы

Зардап шеккендер саны 1449-ға жетті

SANA / Reuters

Сириядағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 800-ден асты, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі «Коммерсантъ» басылымына сілтеме жасап.

Сирияда бір күн бұрын болған жер сілкінісінен 812 адам қаза тапты, деп хабарлады жергілікті денсаулық сақтау министрлігі.

Алеппо, Латакия, Хама, Идлиб және Тартус провинцияларын қоса алғанда зардап шеккендердің саны 1449 адамға жетті, деп хабарлайды Сирияның SANA агенттігі.

Бұған дейін Түркияда жер сілкіністері басталып, амплитудасы 7 баллға жеткен. Қазіргі уақытта қаза тапқандар саны 3381-ге жетті, жараланғандар саны 20 мыңнан асты.