Олимпиаданың жүлдегерлері елге оралды

Qaz365.kz редакциясы

Парижге барған спортшыларымыздың бір легі елге оралды

Фото: Хабар агенттігі

Париж Олимпиадасына қатысқан ұлттық құрама спортшыларының бір легі елге оралды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Елге оралған спортшылардың арасында Олимпиаданың қола жүлдегерлері  Ислам Сәтпаев пен Александра Ле, күміс медальдің иегері  Нариман Құрбанов болды. Оларды Алматының халықаралық әуежайынан БАҚ өкілдері, жақындары мен жанекүйерлері салтанатты түрде күтіп алды.

Айта кетейік, Ислам Сәтпаев пен Александра Ле 27 шілдеде пневматикалық винтовкамен 10 метрге нысана көздеуден аралас командалық сында Олимпиаданың қола жүлдесін жеңіп алды.

3 тамызда Нариман Құрбанов Париж Олимпиадасында спорттық гимнастиканың ат снарядындағы жаттығуда күміс жүлдеге ие болды.