8 литр химиялық қоспаны 2 млрд теңгеден астам қаржыға сатып алмақ болған
Қостанай облысында мемлекеттік орган зиянды жәндіктерді улауға арналған 8 литр химиялық қоспаны 2 млрд теңгеден астам қаржыға сатып алмақ болған, деп хабарлайды qaz365.kz.
Қостанай облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің мәліметінше, Ауыл шаруашылығы министрлігінің жанындағы комитеттің бірінен инсектицид сатып алу бағасын негізсіз көтеру белгілері анықталған.
"Мемлекеттік орган 2 млрд 127 млн теңгеден астам сомаға 8 литр инсектицид сатып алуды жоспарлаған. Бұл ретте, лоттың техникалық негіздемесінде инсектицидтер түрлі аумақтарды өңдеу үшін қажет екені жазылған", - делінген ақпаратта.