Келесі кезең жеке құрамды, техника мен жабдықты түсіру, сондай-ақ жергілікті билік органдарымен өзара іс-қимыл жасау болады
Қазақстандық құтқарушылар мінген ұшақ Түркияның Газиантеп қаласына қонды, деп хабарлайды qaz365.kz ҚР ТЖМ-іне сілтеме жасап.
“Келесі кезең жеке құрамды, техника мен жабдықты түсіру, сондай-ақ жергілікті билік органдарымен өзара іс-қимыл жасау болады. Құтқарушыларға іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін арнайы учаске бекітіледі деп күтілуде.
Еске сала кетейік, ТЖМ құтқарушыларының иелігінде құтқарушы құрал-жабдықтары: гидравликалық және пневматикалық жабдықтар, гидравликалық домкраттар, пневмодомкраттар, перфораторлар, жарықтандыру құралдары, палаткалар, спутниктік терминал, каркасты модуль, автотехника бар”, – деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.
Естеріңізге салсақ, Қазақстандық құтқарушылар жасағы Түркияға аттанғанын жазған едік