Әнші Димаш Құдайберген зілзаладан зардап шеккендерге көмектеседі

Qaz365.kz редакциясы

Ол көмек ретінде концерттен түскен қаражаттың бір бөлігін бөлуді жоспарлап отыр

фото: ашық дереккөзден

Әнші Димаш Құдайберген жер сілкінісінен зардап шеккендерге көмек қолын созатынын мәлімдеді, деп хабарлайды qaz365.kz 

 

"Қаза тапқандардың жақындарына көңіл айтамын. Зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тілеймін! Stranger әлемдік туры аясында менің концерттеріме билеттерді сатудан түскен қаражаттың бір бөлігі табиғи апат салдарынан зардап шеккендерге көмек ретінде берілетінін хабарлаймын. Менің командам толық ақпаратты кейін DimashNews-те жариялайды", - деп жазды әнші Instagram-дағы парақшасына.