«ҚазМұнайГаз» басшылығы 851 775 доллар көлемінде сыйақы алғанын растады

Qaz365.kz редакциясы

Былтыр компания басшылығы көлемді сыйақы алған

Фото: primeminister.kz

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ Қазақстан қор биржасына (KASE) былтыр басқарма мүшелерінің 388 673 641,57 теңге көлемінде сыйақы алғанын растады, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл сыйақы АҚШ валютасына шаққанда 851 775 доллар болады.

Компанияның басқармасына 9 адам кіреді. Олар: Мағзұм Мырзағалиев, Нұрсейіт Сүйінов, Қуаныш Құдайбергенов, Серікқали Бірекешев, Болат Зәкіров, Дмитрий Макеев, Диана Арысова, Василий Лавренов пен Дастан Абдулгафаров.

БАСҚАРМА МҮШЕСІНІҢ ӘРҚАЙСЫСЫ 43,2 МЛН ТЕҢГЕ АЛҒАН

«ҚазМұнайГаз» компаниясының басқарма мүшесінің әрқайсысы 43,2 млн теңге алса, Директор кеңесінің мүшесі 21,8 мың доллар мен 10,8 млн теңгені қалтасына басқан.