Түркиядан қазақстандықтардың екінші тобы елге оралды

Qaz365.kz редакциясы

Елге оралған азаматтар Газиантеп, Мерсин, Кахраманмараш, Диарбакыр, Шанлыурфа және Элязык провинцияларынан келген

ТЖМ

Түркиядан тағы Қазақстанның 42 азаматы және Қырғызстанның 22 азаматы эвакуацияланды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Түркиядағы жер сілкінісінен зардап шеккендерге қосымша көмек көрсету үшін ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің екінші эшелоны қажетті іздестіру-құтқару құрал-жабдықтары тиелген ұшақпен 8 ақпанда Газиантеп қаласына келіп жетті.

Қазақстанның Түркиядағы елшілігінің ұйымдастыруымен кері рейспен ИЛ-76 ұшағымен 64 адам - Қазақстанның 42 азаматы және Қырғызстанның 22 азаматы Астанаға қайтарылды. Елге оралған азаматтар Газиантеп, Мерсин, Кахраманмараш, Диарбакыр, Шанлыурфа және Элязык провинцияларынан келген", - делінген хабарламада.