Тоқаев Ермек Маржықпаевты министр қызметінен алып тастады

Qaz365.kz редакциясы

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен мәлім етті

primeminister.kz

Ермек Маржықпаев Туризм және спорт министрі лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Qaz365.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Ермек Боранбайұлы Маржықпаев Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі лауазымынан босатылды», – делінген хабарламада.

Ол Туризм және спорт министрі лауазымына 2023 жылдың 2 қыркүйегінде тағайындалған болатын. Оған дейін Ермек Маржықпаев Ақмола облысының әкімі болды.