Министр болып былтыр 2 қыркүйекте тағайындалған
Бүгін Мемлекет басшысының Жарлығымен Ермек Маржықпаев ҚР Туризм және спорт министрі лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Ол бұл қызметті бір жылға жуық уақыт атқарған. Министр болып былтыр 2 қыркүйекте тағайындалған.
Журналист Михаил Козачков Маржықпаев енді Астана қаласына әкім болатынын жазды. Оның орнын қазіргі спорт комитетінің басшысы Ербол Мырзабосынов басуы ықтимал.