Барлық қажетті көмек көрсетіледі
ШҚО әкімі шахтада қаза тапқан жұмысшылардың отбасыларына қандай көмек көрсетілетінін айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.
ШҚО әкімі Ермек Көшербаев “Ертіс” шахтасында қаза тапқан жұмысшылардың отбасыларына барып, көңіл айтты. Қайтыс болған жұмысшылардың екеуі – «Шығыстүстімет» ЖШС қызметкерлері, екеуі – мердігер ұйымдардың қызметкерлері, зардап шеккен тағы бір жұмысшы ауруханаға жатқызылды.
“Қаза тапқандардың отбасыларына барлық қажетті көмек көрсетіледі, бұл үшін ШҚО-да жедел штаб құрылған. Қазір арнайы комиссия қайғылы жағдайдың мән-жайын анықтауда”, – деді өңір басшысы Ермек Көшербаев.
Еске сала кетейік, кеше “Ертіс” шахтасында қайғылы оқиға болып, төрт жұмысшы қаза тапқан еді.