Астанада өтетін АӨСШК саммитіне 11 елдің президенті келеді

Qaz365.kz редакциясы

Беларусь президенті Александр Лукашенко кеңестің бақылаушысы ретінде қатысады

inbuisness.kz

12-13 қазанда Астанада болатын Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің саммитіне 11 президент келеді, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі 24.kz сайтына сілтеме жасап.

Әзербайжан, Ирак, Иран, Қатар, Қырғызстан, Палестина, Ресей, Тәжікстан, Беларусь, Түркия және Өзбекстан басшылары елордада бас қосады. Беларусь президенті Александр Лукашенко кеңестің бақылаушысы ретінде қатысады деп жоспарланып отыр. Вице-президент деңгейінде Вьетнам, Қытай Халық Республикасының өкілдері болады.

Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров айтты.