Шекарадан заңсыз өтпек болған 4 шетелдік ұсталды

Qaz365.kz редакциясы

Олар Ресейге өтуді жоспарлаған

ҰҚК

Биыл 4 ақпанда ҰҚК Шекара қызметі Ақтөбе облысында Мемлекеттік шекарадан заңсыз өтті деген күдікпен 4 шетелдікті ұстады, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл адамдар 2023 жылғы қаңтарда Өзбекстаннан заңды негізде Қазақстанға келіп, әрі қарай жұмыс істеу мақсатымен Ресей Федерациясына өтуді жоспарлаған.

Алайда Ресейге кіруге шектеулері болғандықтан, олар тәуліктің қараңғы уақытында жасырынуға арналған костюмдерді киіп, өткізу бекеттерінен тыс жерден шекараны кесіп өтуге әрекеттенген.

Бұл дерек бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.