Аты аңызға айналған КВН Александр Масляков қайтыс болды

Qaz365.kz редакциясы
Александр Масляков. / Руслан Кривобок / РИА Новости

Халықаралық КВН ойындарын 60 жылдан астам жүргізген ресейлік Александр Масляков қайтыс болды. Қайғылы хабарды КВН одағының баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«2024 жылдың 8 қыркүйегінде Александр Васильевич Масляковтың қайтыс болғанын өкінішпен хабарлаймыз. Ол КВН қозғалысының барлық қатысушылары мен миллиондаған көрермендер үшін аңыз болды және мәңгі есте қалады. 1964 жылдан бастап ол Ресейде және одан тыс жерлерде әзіл мен сатира символына айналған КВН бағдарламасын жүргізді», - делінген Telegram арнасында.