Ол өте креативті еді - министр Мирболат Құрмашев жайында

Qaz365.kz редакциясы

Мирус Астана Хабты құру бойынша алғашқы қадамдарын бастағанда ол көп көмек етті, тегін, ешқандай келісімсіз

 

 

коллаж Qaz365.kz

Qaz365.kz бұған дейін Түркиядағы зілзала кезінде жоғалып кеткен Мирболат Құрмашевтің үйінділер астынан астынан мәйіті табылғанын хабарлаған болатын. Қаралы хабар жеткен бойда, ҚР Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин әлеуметтік желідегі парақшасында курстасы болған марқұм туралы естелігімен бөлісіп, ағайын-тумаларына көңіл айтты.

«Соңғы үміт оты сөнді. Сенгім келмейді…Соңына дейін үміттеніп едік. Алайда Мирус бауырымыздан айырылып қалдық.

Мирус екеуіміз курстас болдық. Ол өте креативті еді, ауқымды дүниелер жасағысы келетін, тартымдылығының арқасында адамдарды ұйымдастыра алатын.

Дінге берік адам еді.

Мирус Астана Хабты құру бойынша алғашқы қадамдарын бастағанда ол көп көмек етті, тегін, ешқандай келісімсіз. Қолынан келгенін істеп, Қазақстанның IT-саласын дамытуға үлесі мен көмегін қосты», - дейді министр.

Бағдат Мусиннің айтуынша, оның Қазақстанда бірнеше бизнес бастамалары болған. 2020 жылы мемлекеттің қатысуымен бір-екі жобаны іске асырғысы келген. Бірақ, Мемлекет басшысы Мусинді министр етіп тағайындаған кезде, Мирболат ол жобалардан өз еркімен бас тартыпты. Араларында түсініспеушілік тудыратын жағдайларды болдырмау үшін идеяларын шет елде жүзеге асыруды жоспарлапты.

"Мирус - жиһанкез, біраз жерде болды, бірақ тұрақталу үшін Түркияны таңдап, соңғы екі жыл негізінен сол жақта тұрып жатты. Президенттің Анкараға ресми сапарының алдындағы қазақстандық IT-мамандарының сол жаққа барғанын бәріңіз білетін  шығарсыздар. Біз сол кезде оларды Стамбулдың бірнеше ірі IT-компаниясына апарған едік. Мирус осы іс-шараның негізгі ұйымдастырушысы болды. Біз оған Астана Хабтың өкілі болуды ұсындық, өйткені екі мемлекеттің хабтары мен мамандарын жақындастыратын адамның болуы маңызды еді.

Студенттік кезден де біраз жақсы естеліктер бар, жақын араласқан жолдастары оларды айта жатар деп ойлаймын.

Иманды болсын! Жаның жәннаттан орын тапсын, бауырым!" - деді қайғыға ортақтасып, көңілін білдірген министр.