90 сағаттан кейін: Түркияда 10 күн бұрын туған сәбиді үйінді астынан аман алып шықты - видео

Qaz365.kz редакциясы

Түркияда зілзаладан қаза тапқандар саны 20 мыңнан асты

Фото: abc news

Хатай провинциясында туғанына он күн толған нәрестені және оның анасын үйінді астынан аман алып шықты, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі  Reuters басылымына сілтеме жасап. 

Желіде құтқарушылар жер сілкінісінен кейін 90 сағат өткен соң, жас нәрестені үйінді астынан алып шыққан жантебірентер видео жарияланды. 

Үйінді астынан алып шыққан соң, шақалақты термокөрпеге орап, бірден ауруханаға жеткізді.

Соңғы мәліметтерге сүйенсек, Түркияда зілзаладан қаза тапқандар саны 20 мыңнан, ал жарақат алғандар саны 80 мыңнан  асты.