Түркия Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, жер сілкінісі салдарынан қаза тапқандар саны 20 мыңнан ал жараланғандардың саны 80 мыңнан асты, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі ria.ru-ге сілтеме жасап.
Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Коджа Түркияда елдің оңтүстік-шығысында жер сілкінісінен зардап шеккендердің саны артқанын айтты.
"Соңғы мәліметтер бойынша, қаза тапқандар саны 20 213 адам, 80 052 адам жараланған", — деді ол Хатай провинциясындағы брифингте.