Тұрғын үй кешенінде 250 пәтер сатқаны үшін миллиондаған лира алған
Түркияның әуежайында Хатай провинциясындағы жер сілкінісі салдарынан құлаған Rönesans Rezidans тұрғын үй кешенінің бас сәулетшісі Мехмет Йашар Джошкун ұсталды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі РИА Новости басылымына сілтеме жасап.
"Тұрғын үй кешенінде 250 пәтер сатқаны үшін миллиондаған лира алған Бас мердігер Черногорияға ұшуға оқталғанда Ыстамбұлдың жаңа әуежайында ұсталды. Ыстамбұл Бас прокуратурасы мыңдаған адамның ажалына себеп болған архитекторға шығуға тыйым салды", -деп хабарлайды басылым.
Соңғы мәліметтер бойынша, қаза тапқандар саны 23 700 адамға жетсе, жараланғандар саны 80 052 адамды құрады.