"Пысықайлар" мыңдаған тонна пиязды тасып әкеткен

Qaz365.kz редакциясы

Бір млн тоннадан астам пияз елден экспортқа заңсыз шығарылған немесе өндірушілер жинамай, далада қалдырған

east-fruit.com

Ұлттық статистика бюросы ақпан айының бірінші аптасында пияздың бағасы 14,3%-ға өскенін растады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

ҚР Үкіметінің 7 ақпандағы отырысында азық-түлік тауарларының қорларын жариялады. Үкіметтің мәліметінше, қазіргі уақытта еліміздегі пияздың қоры 100 мың тоннаны құрайды.

Қазақстан 18 қаңтарда су тасқынынан зардап шеккен көрші Пәкістанда пиязға деген қажеттіліктің артуына байланысты елден шығаруға тыйым салған болатын. Сол кезде Үкімет қорда 150 мың тонна пияздың бар екенін айтқан еді. Тыйым салу туралы айтылған сәттен бастап, әкетуге нақты тыйым салынғанға дейінгі екі аптаның ішінде «пысықайлар» 50 мың тонна пиязды тасып әкеткен. Осы уақыт аралығында халықтың қажеттілігі 15 мың тоннаны құраса, қалған 35 мың тоннаны алыпсатарлар елден шығарып үлгерген.

Пиязды заңсыз әкету фактісі өткен апталардағы пияз бағасының қымбаттауымен де расталады. Баға шектеулі ұсыныс немесе жоғары өсу жағдайында ғана өседі, алайда дүкендерде дүрбелең байқалмайды.

Қордағы пияз биылғы жылдың алғашқы өнімі шыққанға дейін жеткілікті. Ай сайынғы қалыпты тұтыну мөлшері 30 мың тоннаны құрайды. Дегенмен экспортқа тыйым салынған хабар шыққан бойда баға да шарықтап шыға келді.

Брифингте Ауыл шаруашылығы министрі пияз өндірісі 1,5 млн тоннаны, ал тұтыну небәрі 300 мың тоннаны құрайтынын айтты. Бұл ретте 2022 жылы небәрі 137 мың тонна пияз шетке шығарылған. Нәтижесінде, 1 млн тоннадан астам пияз елден экспортқа заңсыз шығарылған немесе өндірушілер жинамай, далада қалдырған.

Ұлттық статистика бюросы ақпан айының бірінші аптасында пияздың бағасы 14,3%-ға өскенін растады. Қазір орташа құны келісіне 173 теңгені құрайды.