Түркия мен Сириядағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 24 мыңға жуықтады

Qaz365.kz редакциясы

Жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны арта түсуде

dw.com

Түркия мен Сириядағы жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар  саны 23 700 адамнан асты, деп хабарлайды Qaz365.kz Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

«Соңғы жиырма жылдықтағы жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандардың расталған саны Түркияның оңтүстігінде және Сирияның солтүстік-батысында 23 700-ден асты», - делінген агенттіктің хабарламасында.