Cирияда қыз бала үйінді астында дүниеге келді

Qaz365.kz редакциясы

Оны құтқарған кезде, әлі де кіндік бауы кесілмеген болатын

видеодан скриншот

Cирияда қыз бала үйінді астында дүниеге келді, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Haber Global-ға сілтеме жасап.

Анасы оны құлаған ғимараттың ішінде босанды. Оны жер сілкінісінен он сағаттан кейін құтқарып алған кезде, әлі де кіндік бауы кесілмеген болатын.

Қыз баланың есімін “Ая” деп қойды. Арабшадан аударғанда “ғажайып” деген мағынаны білдіреді. Анасы да, әкесі мен төрт бауыры да үйінді астында жан тапсырды.

Дерек көзінің хабарлауынша, сәби қазір қауіпсіз жерде. Жаралары жазылды, қарны тоқ. Дүниенің төрт бұрышынан Аяны асырап алғысы келетіндер бар. Бірақ оған қамқорлық жасаған дәрігер туыстарымен жолықпайынша, оны ешкімге де бергісі келмей отыр. Доктор Атие Халит 4 айлық сәбиімен бірге Аяны да емізіп жүр.