"Өлсем, қарызымды өтеңдер" - Түркияда үйінді астында қалған отбасы өсиет қалдырды

Qaz365.kz редакциясы

Кахраманмарашта 4 мүшесі бар отбасы жер сілкінісі кезінде үйінді астында қалды

http://elit-haber.com/

Кахраманмарашта 4 мүшесі бар отбасы жер сілкінісі кезінде үйінді астында қалды. Қарыз болып кетпейік деген ниетпен қалған телефон қуатымен туыстарына хабарласты, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі TV100-ге сілтеме жасап.

Олар тірі қалғандарға кімдерге қарыз екенін айтып, хабарлама жолдады. 

“Егер телефонымды танитын адам алатын болса, көмектесуіңізді сұраймын. Мойнымда ешкімнің ақысы кетпесін. Ахметтің баласының жәрдемақысы бар, оны да өтеңіздер. Бұл телефонды тапсаңыздар, ақыңызды адал етіңіз. Мұстафаға 2500 лира қарызым бар”, – деді әйел кісі.

Құтқарушылар бұл отбасыны да тапты. Төртеуі де үйінді астынан аман-есен шығарылды.