Астанада Республика күніне орай шамамен 17 мың теңгені кім алады

Nur-Altay Umirzak

Аптасына бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар осы айда қатарынан үш күн демалады

Сурет ашық дереккөзден алынды

Астананың аз қамтылған тұрғындары Республика күніне 4,5 АЕК немесе 16 614 теңгеден төлем алады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

"Тізімдерді Астана қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау Басқармасы аз қамтылған азаматтарға (25 қазандағы жағдай бойынша атаулы әлеуметтік көмек алушыларға) әлеуметтік төлемдерді тағайындау туралы өз мәліметтерінің негізінде қалыптастырады", – деп хабарлады елорда әкімдігінің баспасөз қызметі.

2022 жылдың қыркүйегінде президент заңға қол қойды, оған сәйкес 25 қазан қайтадан ұлттық мереке – Республика күні болды. Аптасына бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар үш күн қатарынан – 25, 26 және 27 қазанда демалады.